Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Организмге пайдалы болуы үшін таңғы асқа нені жемеген дұрыс

Опубликовано:

Адам баласы таңғы астан бас тартпай, тоя тамақтануы керек. Дегенмен тамақтанудың жөні осы екен деп, кез келген тағамды жей беруге болмайды. Өйткені сіз жеп жүрген астың кейбірі қарныңызды тойдырмаса, енді бірінің мүлдем пайдасы жоқ. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап қандай тағамды таңғы асқа жеуге болмайтынын анықтады.

диетолог
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тез дайындалатын сұлы жармасының ботқасы

Пакеттегі тез дайындалатын сұлы жармасынан ешқандай пайда жоқ. Сондықтан организміңізге ақуыз, көмірсулар мен басқа да пайдалы заттар беретін табиғи сұлыны 15 минутта дайындап жеген жөн.

Шоколадты батончик

Бұл таңғы ас қарныңызды тойдыруы мүмкін, алайда оның ағзаға берер еш пайдасы жоқ. Өйткені оның құрамында қант өте көп. Оның орнын құрамына астық дақылдары мен кептірілген жемістер кіретін энергетикалық батончикпен алмастыруға болады. Тек сатып аларда құрамына мән беріңіз.

Жүгері қауызы

Жүгерінің қауызы - бұл ең танымал дайын таңғы астың бірі. Алайда оның мүлдем құнары жоқ, сәйкесінше қант өте көп мөлшерде. Егер таңғы асыңызды жүгері қауызынсыз елестете алмасаңыз, онда оған ең болмаса жаңғақ пен жидектер қосып жеңіз.

Йогурттар

Таңғы асқа йогурт жеуге ешкім тыйым салмайды, әрине. Дегенмен бұл өнімді таңғы астан екі сағат өткеннен кейін жеген дұрыс. Сол кезде оның ас қорытуға көбірек пайдасы болады.

Нан мен май

Таңертең әдеттегі ақ нанның орнына тұтас дәнді тәтті емес нан және майдың орнына авокада қолданған абзалырақ.

Пончиктер

Пончиктің құрамында қант, көмірсулар мен майлар өте көп. Сол себепті мұндай асты таң ата салысымен жемеген жөн. Оның орнына сүзбелі құймақты жегеңіз абзалырақ.

Дүкеннен алынған смузи

Дүкеннің смузиін таң ата салысымен ішпеудің екі себебі бар. Біріншіден, апельсин, құрма, алмұрт сынды кейбір жемістерді аш қарынға жеуге болмайды. Ал бұлар смузидің құрамында бар. Екіншіден, бұл сусында қышқылдық өте көп болғандықтан аз қорытуға зиянын тигізеді. Сол себепті смузиді үйден дайындаған дұрыс.

Еске сала кетсек, бұған дейін тамаққа қатысты айтылған ырым-тыйымдардың бір парасын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839298-organizmge-pajdaly-boluy-sin-tagy-aska-neni-zemegen-drys/

pixel