Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"A.Z уақыты": "Ninety Оne" мүшесі жеке орындаушы ретінде дебют алды (фото)

Опубликовано:

Көптен бері сахнаға шықпай, жұрт назарынан тыс қалып қойған "Ninety One" тобы жанкүйерлеріне тосын сый жасады. Атышулы ұжым сахнаға қайта оралып, топ көшбасшысы A.Z көпшілікке өзінің жеке үнтаспасын ұсынды. Оның соло әнші ретінде дебют алуы табынушыларды алаңдатып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Өткен жексенбіде, атышулы "91" тобының көшбасшысы A.Z өзінің жеке альбомын ұсынып, q-pop қауымды қуантты. Рэп орындаушының үнтаспасына су жаңа сегіз трек кірген. Ол алдағы жарты жылда табынушыларына тағы да сегіз ән ұсынуға ниетті екенін айтты.

A.Z-дің жинағын көпшілікке таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада "91" тобының тағы бір мүшесі өз жеке әнін орындап, елді таңғалдырды. Z.A.Q лақап атымен танымал рэпер де әлі еш жерде орындамаған өлеңінің тұсауын сол кеште кесті.

Жанкүйерлер әншілердің жеке жинақ шығаруы топтың тарауына септігін тигізуі мүмкін деп болжауда. Алайда, алаңдауға еш негіз жоқ. Белгілі болғандай, "Ninety One" мемберлерінің өз үн таспасын шығаруына топ продюсері Ерболат Беделханның өзі рұқсатын берген. Оның сөзінше, орындаушылардың жеке өнермен айналысуы топтың өміріне кедергі келітрмейді.

"A.Z топтан бірінші болып дебют алды. Себебі, ол топ көшбасшысы. Жасымен де бәрінен үлкен. Негізі, әр мембердің "91"-ден бөлек, жеке өнерлері өте көп. Олардың өзін жеке орындаушы ретінде көрсетуі топқа еш кедергі келтірмейді. Топ мүшелерінің жеке әнші болып кетуі мүмкін емес. Көптеген әртістердің кету мақсаты неде? Жеке өнер. Сол себепті, мен топтывқ жұмыспен қатар, оларға жеке өнерді дамытуға рұқсат бердім. Барлығы жазу үстінде" , - деді Ерболат Беделхан.

Оған қоса, аталмыш шарада су жаңа "QOS" мобильдік қосымшасының тұсаукесері болып өтті. Оның басты мақсаты - заманауи қазақ музыкасын дамыту. Белгілі болғандай, оның ішіне q-pop жанрындағы әндер мен ең соңғы әрі ресми жаңалықтар да шығып отырады.

Айта кетерлігі, A.Z ұсынған жаңа үнтаспадағы әндерді осы қосымшадан жүктеп алуға болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839303-az-uakyty-ninety-one-msesi-zeke-oryndausy-retinde-debut-aldy-foto/

pixel