Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы коронавирус қолдан жасалған ба: Маман жауап берді

Опубликовано:

Бүгінде Қытайда пайда болған коронавирустың шығу тегі туралы көптеген теория туындап отыр, алайда оның жасанды жолмен шыққанына ешқандай дәлел жоқ. Бұл жайында Гонконг университеті эпидемиология және биостатистика кафедрасының жетекшісі Бен Коулинг мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Коронавирус жасанды жолмен шыққанына ешқандай дәлел жоқ" , - деді вирус Қытай немесе басқа мемлекетте дайындалуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берген маман.

Еске сала кетейік, Қытайда жаңа вирустан туындаған пневмонияға шалдыққандар саны 2043, ал көз жұмғандар саны 425-ке жетті.

2 ақпанда Қытай аумағынан 83 қазақстандық эвакуацияланды. Олардың елге ұшып келуі ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Қайтып келген отандастарымыздың 80-і Ухань қаласында білім алған студенттер болып табылады.

3 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Уханьнан Қазақстанға жеткізіліп, карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын баяндап берді.

Ал 83 отандасымен ілесіп, арнайы борттың көмегімен Қазақстанға оралуы керек болған студент, дене қызу көтеріліп, ұшаққа отыра алмай қалған. Енді қайтып келген студенттердің ата-аналары президенттен қазақстандық жігітті туған жеріне қайтаруды сұрап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839304-kytajdagy-koronavirus-koldan-zasalgan-ba-maman-zauap-berdi/

pixel