Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда әскери қызметкерді басынан атқан күдікті ұсталды

Опубликовано:

Талдықорғанда 36 жастағы әскери қызметкерді басынан атқан күдікті ұсталды. Ұсталған адам да - әскери қызметкер деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

талждық
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапаның айтуынша, күдікті қайтыс болған азаматпен бір әскери бөлімде қызмет еткен.

Сондай-ақ Қаратал өзеніне лақтырып жіберген 16-шы калибрлі аңшы шолақ мылтығы табылып, іске айғақ зат ретінде тіркелген.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісінде екен айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында әскери қызметкерді атып кеткені туралы хабарланды. Марқұмның денесі 2019 жылдың 24 желтоқсанында Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданындағы аулалардың бірінен табылған.

Сондай-ақ, қаза болған марқұмның әкесі телеарналардың біріне сұхбат беріп, баласының ешкімге жаманшылығы болмағанын айтқан еді.

Қайғыдан қан жұтқан әкенің сөзінше, ұлы тік мінезді болса да, жан баласымен жауласпаған көрінеді.

Сол кезде істі жедел тергеуге кірскен полиция қызметкерлері бұл қастандықтың қызметіне тікелей қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839310-taldykorganda-skeri-kyzmetkerdi-atyp-ltirgen-kdikti-staldy/

pixel