Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында судья пара алу кезінде ұсталды (фото, видео)

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото:knb.gov.kz
Фото:knb.gov.kz: Depositphotos

ҰҚК мәліметінше, Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған.

2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында Әшірбек Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындаған.

Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz: Depositphotos

Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденген (аудио, бейнетіркеу).

Қазір ҰҚК органдары Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлімі ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты судьясының пара алу фактісіне тосқауыл қойғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар ведомство Шымкенттің мәдениет және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасары пара алды деп күдіктеліп жатқанын мәлім еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839317-trkistan-oblysynda-suda-para-alu-kezinde-staldy-foto-video/

pixel