Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, генерал-майорға қатысты тергеу жүргізуде. Ол жүйелі түрде қылмыстық заңды бұзу бойынша күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, тергеу кадрлар және әскери білімге жауапты ведомство басшысына қатысты жүргізілуде.

Генерал-майорға кадрларды іріктеу, алдын алу-профилактикалық сипаттағы қызметті жүргізу және қоластындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қаупін жою міндеттері жүктелген.

Тергеу нұсқасы бойынша, жоғары лауазымды офицер жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарға барған, атап айтқанда, ірі көлемде пара алып отырған.

Болжам бойынша, ол мансабын өсіру және қамқорлық көрсету үшін қоластындағы қызметкерлерінен пара алған. Ведомствода офицердің өз кінәсін мойындағанын, ал оның қорғаушысы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергенін атап өтті.

31 қаңтарда генерал-майор үй қамаққа алынды. Оған қатысты қорытынды шешімді енді сот шығарады.

Еске сала кетейік, жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев ведомство отырысында бұдан былай жемқорлық жайлы хабарлаған қазақстандықтарға 10 млн теңгеге дейін сыйақы төленетінін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839323-korganys-ministrligini-generaly-para-aldy-dep-kdiktelude/

pixel