Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адам әйелімен ұрыспау үшін тоналғаны туралы өтірік айтқан

Опубликовано:

Алматы облысы Гүлдала ауылының 33 жастағы тұрғыны әйелімен жанжалдаспас үшін өзін белгісіз біреулердің тонап кеткенін айтқан. Анықталғандай, ол отбасылық бюджеттегі қаражатты автоматты ойындарға жұмсап жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстың полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

Алматы облысында ер адам әйелімен ұрыспау үшін тоналғаны туралы өтірік айтқан
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Белгілі болғандай тұрғын 3 ақпан күні полиция бөлімшесіне тоналғаны туралы шағымданып, арыз жазған. Полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайын анықтай бастағанда ер адамның ақшасын автоматты ойындарға жұмсап жібергені анықталды.

Сома айтарлықтай үлкен болмаған, десе де ірі отбасылық бюджеттен алыныпты. Ал жұбайымен ұрыспас үшін ер адам тоналғаны туралы өтірік айтқан.

Енді оны жалған ақпарат бергені үшін тек отбасылық жанжал ғана емес, жауапкершілік те күтіп тұр.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 419 бабы бойынша іс тергелуде. Облыс полициясы оған ірі айыппұл мен 200 сағатқа дейінгі түзету немесе қоғамдық жұмыстар жазылатынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан фармкомпания қызметкерінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1839332-almaty-oblysynda-er-adam-jelimen-rsyspau-sin-tonalgany-turaly-tirik-ajtkan/

pixel