Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нурмагомедов Макгрегормен жекпе-жек үшін 100 миллион доллардан бас тартты

Опубликовано:

Аралас жекпе-жек шебері (MMA) ресейлік Хабиб Нурмагомедов Сауд Арабиясында Конор Макгрегормен өтуі мүмкін екінші кездесуі туралы пікір білдірді. Спортшы бұл туралы Дағыстандағы баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/khabib_nurmagomedov, thenotoriousmma
Фото: Instagram/khabib_nurmagomedov, thenotoriousmma: Instagram

Видео YouTube желісіндегі Sport24 арнасында жарияланды.

Сұқбат барысында ресейлік спортшы ирландиялықпен екінші жекпе-жекке қызығушылық танытпайтынын білдірді.

Одан бөлек, Нурмагомедов бір жекпе-жегінен 100 миллион доллар таба алмайтынын айтып өтті.

"Егер олар дәл осындай қомақты қаржы ұсынса, мен не істеймін? Сіз ақша құя алатын басқа да спорт түрлері бар. Конорды қайта жеңу үшін маған 100 миллион доллар не үшін қажет?", - деді Хабиб.

Сондай-ақ, аралас жекпе-жек шебері бос уақытында отбасына көп уақыт арнағысы келетінін жеткізді.

Ол саясатқа мүлде араласқысы келмейтінін де жасырмады.

Еске сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов жақында оңтүстік астанаға келіп, "Алматы Аренада" Gorilla Fighting Championship 23 турнирінің құрметті қонағы болды.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол Қазақстанды екінші отанына теңеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839335-nurmagomedov-makgregormen-zekpe-zek-sin-100-million-dollardan-bas-tartty/

pixel