Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкте қалықтаған қара түсті тылсым елес көпшіліктің зәресін ұшырды

Опубликовано:

Мексиканың Истапалуке муниципалитетінде түсірілген видеоролик кім-кімнің болсын үрейін ұшырмай қойматыны анық. Көкте қалықтаған белгісіз қара көлеңке ел тұрғындарын сары уайымға салдыртты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

қара фигура жарқ етті
Фото: Видеодан кадр: UGC

Кадрдан бір қарағанда адамды еске түсіретін қара көлеңкенің ұшып жүргенін көруге болады.

Тылсым дүниенің көкте қалықтап жүргенін көрген куәгер бірден оны видеоға түсіруге асыққан.

Мексика тұрғындарының сөзінше, осыған ұқаса бейненің ұшып жүргенін олар бірнеше рет көрген екен. Мұндай жағдайлар оларды өте алаңдатады екен.

Ал видеоны көрген көрермендер бұған қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Мәселен, бірі тылсым қара көлеңке көкке түскен періште десе, енді бірі мұның жай ғана көкте қалықтап жүрген батпырауық екенін жарыса жазуда.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде елестің ер адамның төсек тұсында тұрған видеосы пайда болды. Тылсым күш кейіпкер жамылған жамылғыны шешіп, оны оятқан секілді.

Сондай-ақ, Англияның Йоркшир қаласының тұрғыны суреттен өзінің дүниеге келмей қалған әпкесінің елесін көрді.

Келли Грин есімді бойжеткен бөлмеде жалғыз отырып, жақын досымен ұялы телефон арқылы сөйлескен. Видеоқырау шылған жақыны кенеттен әйел адамның артында түсініксіз бірдеңенің барын байқап қалған екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839342-kkte-kalyktagan-kara-tsti-tylsym-eles-kpsilikti-zresin-syrdy/

pixel