Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай коронавирусқа қарсы ресейлік препаратты сынақтан өткізуді бастады

Опубликовано:

Қытай коронавирустың жаңа түрі – 2019-nCov-қа қарсы ресейлік триазавирин препаратын сынақтан өткізеді. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрінің орынбасары Сергей Краевой мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости/ Павел Лисицын
Фото: РИА Новости/ Павел Лисицын: Facebook

Вице-министр әзірге дәрігерлердің ауруды жұқтырған Ресейдегі науқастардан нақты вирустың штаммын анықтамағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Қытайда жаңа вирустан туындаған пневмонияға шалдыққандар саны 2043, ал көз жұмғандар саны 425-ке жетті.

2 ақпанда Қытай аумағынан 83 қазақстандық эвакуацияланды. Олардың елге ұшып келуі ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Қайтып келген отандастарымыздың 80-і Ухань қаласында білім алған студенттер болып табылады.

3 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Уханьнан Қазақстанға жеткізіліп, карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын баяндап берді.

Сондай-ақ еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа тексеру үшін 89 азаматтың ауруханаға жеткізілгенін, олардың 43-і үйлеріне қайтарылғанын мәлім еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839355-kytaj-koronaviruska-karsy-resejlik-preparatty-synaktan-tkizudi-bastady/

pixel