RU
Димаштың "Евроведениеге" Ресейдің атынан қатысатыны рас па

Димаштың "Евроведениеге" Ресейдің атынан қатысатыны рас па

Рассказать Вконтакте

Ресейлік БАҚ беттерінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Евровидение-2020" халықаралық байқауына Ресейдің атынан қатысатыны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат көптеген отандастарымыздың шамына тиді. Осыған байланысты өнер иесінің PR менеджері ресми түрде пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

"ДимашАли" шығармашылық орталығының және отандық әртістің ресми өкілі Назым Жанғазинова көптің көкейіндегі сауалға Facebook желісіндегі парақшасында жауап қайырды.

"Желіде кезекті фейк ақпарат жарияланды. Димаш Құдайберген "Евровидениеге" қатысады екен, өтініш беріпті, қатысушылар тізіміне ілініпті және тағы басқа осыған ұқсас жазбалар ғаламторды өріп жүр. Әншінің ресми өкілі ретінде мен бұл ақпаратты жоққа шығарамын. Димаш Құдайберген "Евровидение" байқауына қатыспайды. Қазір ол Ресейдегі және Еуропадағы жоспарланған концерттеріне дайындалып жатыр, - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеновтің ресми өкілі Назым Жанғазинова қазақстандық өнер иесінің ресейлік танымал композитормен серіктестігін үзгені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel