Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пара алды деген күдікке ілінген Қорғаныс министрлігінің генералы кім

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігі бөлімдерінің бірінің басшысы жүйелі түрде заң бұзды деп күдіктенуде. Ол қарамағындағылардың мансабында өсуі үшін үнемі пара алып отырған болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

министр
Қайрат Көпбаев. Фото: ОКҚ: UGC

Ведомствоның айтуынша, күдікке генерал-майор шені бар, жоғары лауазымды офицер ілінген. Тергеу нұсқасына сәйкес, жоғары лауазымды офицер жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарға барған, атап айтқанда, ірі көлемде пара алып отырған.

Күдікке ілінген офицер кадрлар және әскери білімге жауапты департаментті басқарған. Сондай-ақ қарулы күштер қатарындағы жемқорлықты болдырмау - генерал-майордың негізгі міндетіне кіреді.

Генерал-майор жемқорлық жасады деген күдікке ілінген соң, ол екі айға үй қамаққа алынған. Пара ірі сомамен берілген деп болжануда. Офицер өз айыбын мойындап, процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш берген.

Бұған дейін дәл қай офицердің күдікке ілінгені хабарланбаған еді. Алайда елордалық соттың баспасөз қызметі тергеу барысында генерал-майор Қайрат Көпбаевтың үй қамаққа алынғанын хабарлаған деп жазады Tengrinews.kz.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839360-para-aldy-degen-kdikke-ilingen-korganys-ministrligini-generaly-kim/

pixel