RU

Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air әуе компаниясын Нұр-Сұлтанда сотқа берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ұшақ апаты: қайғылы оқиғадан бері бір айдан астам уақыт өтті, ал әуекомпанияның клиенттері кейінге қалдырылған рейстерге сатып алған билеттердің ақшасын қайтара алмай жүр хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұған дейін әуе компанияның басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов билеттің ақшасын қайтару мәселесі тиісті сертификат қалпына келіп, сату жүйесі жұмыс істегеннен кейін жүзеге асырылатынын мәлімдеген.

Шағымда Bek Air сатып алынған билеттердің ақшасын қайтармағанын, сондай-ақ ақшасы төленген қызметті көрсетпегендерін, осылайша тұтынушылардың құқықтары бұзылғаны көрсетілген.

Жалпы сомасы 440 мыңнан астам теңгеге билет сатып алған 20 адам құқықтарының бұзылғаны туралы арыз жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырап, бірінші ұшқыш Марат Мұратбаев оқиға орнында көз жұмған болатын.

Ал екінші ұшқыш пен зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілген болатын.

Алайда 28 қаңтар апат болған Fokker-100 ұшағының екінші ұшқышы Мейіржан Молдақұловтың қайтыс болғаны хабарланды.

Марқұмның жаназасына әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов та келген. Алайда ол журналистердің сауалына жауап беруден бас тартып, тұра қашқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air әуе компаниясын Нұр-Сұлтанда сотқа берді
Mailfire view pixel