RU
Ақтауда қаруланған екі жігіт атыс ұйымдастырды (видео)

Ақтауда қаруланған екі жігіт атыс ұйымдастырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Өткен демалыс күндері Ақтаудағы караокелердің бірінде белгісіз екі адам оқ атты. Олар қолдарына қару ұстап, ғимаратқа кірген. Болған оқиғаны бақылау камералары түсіріп алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қаруланғн

Видеодан кадр

Lada.kz порталында жарияланған кадрларға сәйкес, ғимаратқа екі ер адам кірген. Олардың біреуі қара медициналық бетперде киген, екіншісі бетпердесіз. Екеуінің де қолында қаруға (шолақ мылтық не тапанша) ұқсас заттар болған.

Жігіттердің бірі қаруын тартып алмақ болған ер адамды көріп, кіре салысымен оқ жаудырған. Сол кезде екіншісі ер адамның басына тапанаша кезеген. Караокеге келген адам ғимараттан шығуға асыққан.

Содан кейін жігіттер залға қарай жүреді. Біреуді іздеген болуы керек, барда кішкене жүріп, ол жерден шығып кеткен.

Облыстық полиция оқиғаны растады. Жағдай 2 ақпанда таңға таяу, 7-шағын ауданда болған. Тәртіп сақшыларының порталға хабарлауынша, қазір күдіктілер іздестірілуде. Алдын-ала мәлімет бойынша, бұл жағдайдан ешкім зардап шекпеген.

Департаменттің айтуынша, "102" нөміріне хабарласып, караокеге екі жас жігіттің келгенін айтқан. Екеуінің де қарулары болған. Куәгерлердің сөзінше, олар ғимаратта екі рет еденге оқ атқан. Содан соң ғимараттан шығып кеткен.

Іс бұзақылық бабы, қару қолдану немесе қолдану әрекеті бойынша қозғалған.

Полицияның сөзінше, оқиға орнынан бытыралы оқ табылды. Оларды және камера жазбаларын іске тіркеген. Күдіктілерді ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда бетперде киген бір топ жігіттің мейрамханаға баса көктеп кіргені хабарланған.

Елордадағы мейрамханалардың біріндегі төбелес пен атыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жанжал қатысушыларының бірі арадағы мәселені жұдырықпен шешсе, бірі тапаншадан атқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel