Выйти
RU

Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарға 16 ақпанға дейін ешкімді кіргізбейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Қытайдың Ухань қаласынан Қазақстанға әкелінген азаматтарға 16 ақпанға дейін, карантин мерзімі аяқталғанша, ешкімді кіргізуге рұқсат етілмейтінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасы

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасы

Эвакуация туралы толығырақ ақпарат беру үшін Денсаулық сақтау министрлігі арнайы cюжет түсірді.

Ол қазақстандық телеарналарда, сонымен қатар министрліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарық көрді.

Министрліктің ресми өкілінің айтуынша, елге оралған қазақстандық студенттер оқшауланған жағдайға және дәрігерлердің жұмысына оң бағасын берген.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдан келгендер изоляцияда 14 күн өткізеді.

Эвакуацияланғандардың арасында тек қазақстандықтар ғана емес - 83 отандасымыздан бөлек, Беларусь, Армения және Қырғызстан азаматтары болған.

Елімізде карантиндік режимде барлығы 100-ден астам адам оқшауланған.

Айта кетер болсақ, Қытайда жаңа вирустан туындаған пневмонияға шалдыққандар саны 2043, ал көз жұмғандар саны 425-ке жетті.

2 ақпанда Қытай аумағынан 83 қазақстандық эвакуацияланды. Олардың елге ұшып келуі ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Қайтып келген отандастарымыздың 80-і Ухань қаласында білім алған студенттер болып табылады.

3 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Уханьнан Қазақстанға жеткізіліп, карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын баяндап берді.

Сондай-ақ еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа тексеру үшін 89 азаматтың ауруханаға жеткізілгенін, олардың 43-і үйлеріне қайтарылғанын мәлім еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарға 16 ақпанға дейін ешкімді кіргізбейді