RU

БАҚ: Гонконгта коронавирустан қайтыс болған адам өлімі тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Гонконгта коронавирус жұқтырған науқастардың бірі қайтыс болды. Марқұмның өліміне жүрек талмасы себеп болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ: Гонконгта коронавирустан қайтыс болған адам өлімі тіркелді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Гонконгтың арнайы әкімшілік ауданының аумағында коронавирус жұқтырған науқастың қайтыс болуы тіркелді. Бұл туралы South China Morning Post жергілікті басылымы хабарлаған.

Басылымның ақпаратынша, марқұм 39 жаста болған. Ол Маргарет Ханшайым ауруханасында емделіп жатқан. Алайда оның денсаулығы күрт нашарлаған. Ер адам кенеттен жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды деген болжам бар.

Ер адам 21 қаңтарда Уханьға барып, сонда екі күн болған. 31 қаңтар күні оның денсаулығы нашарлап, қалтырай бастаған. Зерттеу жасаған дәрігерлер науқастың коронавирус жұқтырғанын анықтапты.

Бұл Гонконгта инфекция жұқтырған он үшінші жағдай. Кейінірек, марқұмның анасы да өлім вирусын жұқтырып алғаны белгілі болды.

Дәрігерлердің ақпаратынша, ер адамның бұған дейін де денсаулығында мәселелер болған. Соның салдарынан ондағы коронавирус асқынып кеткен болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Қытайда жаңа вирустан туындаған пневмонияға шалдыққандар саны 2043, ал көз жұмғандар саны 425-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: Гонконгта коронавирустан қайтыс болған адам өлімі тіркелді
Mailfire view pixel