RU
Iphone-мен клип түсірген отандық әнші елдің ықыласына бөленді (видео)

Iphone-мен клип түсірген отандық әнші елдің ықыласына бөленді (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық жас әнші Асан Абдралин қалың көпшілікке су жаңа бейнебаянын ұсынды. Эстрада жұлдызы клипті Нұр-Сұлтандағы EXPO алаңының көлік тұрағында таспалаған. Ең қызығы, бейнебаян Iphone маркалы ұялы телефонына түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ Асан Абдралин

Фото: Instagram/ Асан Абдралин

Youtube желісіне жүктелген бейнебаян көрермен тарапынан оң бағаға ие болған соң KAZ.NUR.KZ тілшісі орындаушының өзіне хабарласып, бірнеше сұрақ қойды. Асан ұялы телефонмен клип түсіру жайлы идея қайдан келгенін айтып берді.

" Идеяның авторы өзім. Клип Iphone 11 ұялы телефонына таспаланды. Осыған дейін түрлі видеолар түсіріп жүретінбіз. Көпшілік бізге қызығатын. Күндердің күнінде "Неге клип түсіріп көрмеске" деген ой туындады. Осылайша, ән іздей бастадық. "Жүрегім дүрсілдейдінің" әуені жастарға арналғандықтан, таңдауымыз осы әнге түсті", -деді ол.

Өнер иесінің айтуынша, ұялы телефонмен бейнебаян таспалаудың қызығы мен шыжығы көп.

"Қос камераны салыстырып көрдік. Ұялы телефон жарықты көп талап етеді екен. Ал жарық аз болса, видеоның сапалы шығуы екіталай. Фокус алу да оңайға соқпады. Арнайы стэдикаммен түсірдік, қозғалған сәттерде оператордың бір қолымен стэдикамды, бір қолымен экранды ұстауы арқылы ғана жақсы нәтиже алдық деуге болады.
Жарты миллион теңгеге жуық қаражатымызды үнемдедік деп ойлаймын. Бейнебаянды түсіруге шамамен 1 ,5 сағат кетті. Айдархан Жандильдин есімді жігіт таспалаған клипті Алматыға жіберіп, бояуды келтіруге 1 күн уақыт жұмсадық ",- деді әнші.

Асан Абдралин клиптің монтажын өзі жасаған. Ол әншілікке келмес бұрын "Әзіл әлемі" театрында бас әкімші қызметін атқарыпты. Бүгінде өнер ие халықты жігерлендіретін әндер орындап жүр.

Ал желіде тыңдармандар Асанның бейнебаянына жақсы тілектер жазып қалдыруда.

"Жарайсың", "Даусың керемет", "Тек алға", "Сәттілік", -деді олар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel