Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда шаңырақ көтерген жас жұбайлар 4 күннен соң ажырасып кетті

Опубликовано:

Атырауда отау құрған жастар төрт күннен соң ажырасу туралы шешімге келген. Ерлі-зайыптылардың екі жаққа кетуіне қалыңдықтың анасы себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева мәлімдеді.

Оның сөзінше, 4 күн бұрын тұрмысқа шыққан қызын анасы АХАЖ-ға жетектеп алып келіп, тез арада ерлі-зайыптыларды ажырастыруын сұраған.

Айта кетейік, өткен жыл Атырауда 3 мыңға жуық неке тіркеліп, ресми ажырасулар саны бір жарым мыңға жеткен.

Ажырасқандардың орташа жасы - 25-30 және әр жанұяда кем дегенде бір баладан бар екендігі анықталды.

"Өткен жылы 60 жасында ажырасқан ерлі-зайыптылар кездесті. Ажырасушылардың қатарында үйленгендеріне төрт күн болған жас жұбайлар да болды, оларды қалыңдықтың анасы алып келді және тез арада ажырастыруын талап еткені, - деді Хабиева.

Оның айтуынша, жас жұбайларға АХАЖ бөлімі ажырасу туралы құжат беруден бас тартқан, өйткені ерлі-зайыптылар анасының ықпалынсыз өздері сотқа жүгіну керек.

Еске сала кетсек, осыған дейін отбасыны сақтап қалу үшін не істеу қажет екенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839397-atyrauda-sayrak-ktergen-zas-zbajlar-4-knnen-so-azyrasyp-ketti/

pixel