Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табақ тарту ережелерін қаншалықты білесіз

Опубликовано:

Қыдырып келген қонақтың абыройына қарай табақ тартылатынын біреу білсе, біреу білмес. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz басылымына сілтеме жасап қажетті кеңес ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ет асқанда жіліктен бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Осы орайда қойдың етін жіліктеп, он үш мүшеге бөледі:

  • Екі жамбас, екі ортан жілік, екі асықты жілік, бел омыртқа, екі сүбе, сондай-ақ қабырға, төс, омыртқа, екі жауырын, екі тоқпан жілік, бұғана мен мойын.

Көбінесе сыйлы қонақтарға малдың басын, қазы-қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.

Қазақ халқында сыйлы жанға тартылатын табақтың түрі көп.

Оларға бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ және тағы басқалары жатады.

Бас табақ

Жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тартылады. Оған салынатын кәделі мүшелер: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе қабырға, қойдың ұлтабары, жылқы етінен қазы-қарта, жал-жая.

Қос табақ

Құда-құдағиларға тартылатын арнайы табақ. Оның кәделі мүшелері бас табақпен пара-пар. Оның қос табақ деп аталатын себебі, құда-құдағиға көпшілікпен бірге ұсынылған қонақасының үстіне қосымша тартылатындығы. Қостабақтың кәделі мүшесі - тоқпан жілік.

Сый табақ

Құда-жегжаттық қатынасы болмаса да, ерекше сый құрметке ие адамдарға арнайы тартылатын табақ.

Жастар табағы 

Оның ең кәделі мүшелері - асықты жілік пен төс. Асықты жілік әдетте күйеудің жолдасына немесе қыздың жеңгесіне ұсынылады. Күйеуге әлбетте төс тартылады.

Жай табақ

Ортан жілік, жауырын, тоқпан жілік пен қабырға омыртқа салынады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839417-tabak-tartu-erezelerin-kansalykty-bilesiz/

pixel