RU
492 адам көз жұмды: Коронавирус жайлы соңғы мәліметтер белгілі болды

492 адам көз жұмды: Коронавирус жайлы соңғы мәліметтер белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қытайдағы коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер белгілі болды. Вирус жұқтырғандар саны 23 мың адамға жетті. Ал көз жұмғандар 492 деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Paul Yeung/Bloomberg via Getty Images

Фото: Paul Yeung/Bloomberg via Getty Images

Хубэй провинциясы денсаулық комитетінің ресми ақпаратына сәйкес, 5 ақпан күні аймақта аурудан көз жұмғандар саны 479 адамға жетті деп жазады РИА Новости.

Провинцияда 16,5 мыңнан аса тұрғын коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 1,5 мыңы кеселді жеңіп, ауруханадан шыққан.

Ал әлем бойынша қауіпті вируспен 20,6 мың адам ауырып жатыр. Мұндай деректі 4 ақпан күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынды.

Қытай дәрігерлері күнделікті аз дегенде мың адамның вирус жұқтырғанын анықтап жатыр дейді басылым.

Қатерлі сырқат коронавирус ошағына айналған Қытайдан басқа 24 елде, оның ішінде көршіміз Ресейде де анықталды.

Қазіргі уақытта коронавирусқа қатысты жағдайды бақылайтын онлайн-портал мәліметінше, 5 ақпан күні әлем бойынша 23,8 мың адам вирус жұқтырған.

Жаңа типті вирустан туындаған пневмониядан 492 адам қаза тапқан. Олардың 479-ы Хубэй провинциясы тұрғындары. Адам өлімі Пекинде, Гонконгте, Хэйлунцзянде және басқа да Қытай қалаларында тіркелді.

Ал Қытайдан өзге, адам өлімі тек Филиппины мемлекетінде болды.

Кеселден ғалам бойынша тек 820 адам айыға алды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды Қытайдағы жаңа вирус жайында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырды. Желіде коронавирус туралы екі жүзге жуық жалған мәлімет жүр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel