Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда шетелдік көлік жүргізушілері жазаға тартыла ма: Полиция жауап берді

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Қазақстанда шетелдік көлік жүргізушілеріне санкция қолданыла ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Полицейдің сөзінше, темір тұлпар тізгіндеушілерге ешқандай санкция қолданылмайды. Себебі, билік азаматтармен диалог орнатуға әзір. Көпшілікке автокөліктерін заңдастыруға мүмкіндік беріледі.

Тәртіп сақшысы мемлекет саясатына сәйкес, азаматтарға міндетті түрде құқықтары мен міндеттері түсіндірілуі тиіс деп есептейді. Сондай-ақ, көлік жүргізушілерге заң бұзбауға мүмкіндік берілу қажет екенін айтады.

"Егер азамат өз көлік құралын тіркемей, полицияға көріну аймағында жол ережесін бұзатын болса, онда жаза қолданылады. Сол кезде көлік құралын Қазақстанда тіркеу қажеттілігі мәселесі қарастырылады",- деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары.

Ол шетелік көлік жүргізушілерін жазалау мақсатында арнайы рейдтер жасалмайтынын да түсіндірді.

Айта кетейік, Қазақстанда жаңа жылдан бастап жол ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл мөлшері өсті.

Айыппұлдар сомасы айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тікелей байланысты. Осы орайда, Нұрфин жобасы жүргізушілерді, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларын жаңартылған айыппұл сомаларымен таныстырды.

Күні кеше елімізде көлік жүргізушілерге жаңа айыппұл салынуы мүмкін екені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839441-kazakstanda-seteldik-klik-zrgizusileri-zazaga-tartyla-ma-policia-zauap-berdi/

pixel