Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында туған анасын өлтіріп, денесін өртеп жіберген жігітке үкім шықты

Опубликовано:

Қарағанды облысында туған анасын ұрып өлтіріп, кейін денесін досымен бірге өртеп жіберген 21 жастағы жігіт 10 жылға сотталып кетті. Облыстық қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыға осындай үкім кесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында туған анасын өлтіріп, денесін өртеп жіберген жігітке үкім шықты
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қараша айының ортасында 44 жастағы әйелдің жартылай жанып кеткен мәйітін Дубовка ауылының шетінен тұрғындар тауып алған.

Дәл сол түні оны туған ұлы ұрып-соққаны анықталды. Күдікті анасын өлтіріп алғанын білгеннен кейін өз қылмысын жасырмақ болған.

Тергеу барысында ауыл тұрғындары 21 жастағы жігіттің маскүнем анасының ішімдік ішуіне қарсы болғанын, өзі нағашы әжесі екеуіне бас-көз болып жүргенін айтыпты.

Алайда айыпталушыға қатысты айтылған оң мінездеме оны жазадан құтқармады.

Енді жас жігіт 10 жыл бойы жоғарғы қауіпсіздіктегі абақтыда өз жазасын өтейді.

Ал жантүршігерлік қылмысты жасырып, денені өртеуге көмектескен досы 2 жылға сотталған. Үкім 15 күннен кейін заңды күшіне енеді.

"Облыстық қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны ҚК-тің 99- ыншы бабы бойынша кінәлі деп таныды. Ол 10 жылға сотталып, жазасын жоғарғы қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде өтейді", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық сотының үйлестіруші-судьясы Гүлбаршын Жітікова.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839446-karagandy-oblysynda-tugan-anasyn-ltirip-denesin-rtep-zibergen-zigitke-kim-sykty/

pixel