RU

"Хабибке рақмет": Қазақстандағы ММА турнирі жанкүйерлердің төбелесімен аяқталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы аралас жекпе-жек турнирі жанкүйерлердің жаппай төбелесімен аяқталды. Жанжал кезінде суық қару қолданылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видео НЕХабар телеграм-арнасында пайда болған.

"ММА турнирінде бірде-бір чемпионат түсінбеушіліксіз және жанжалсыз аяқталған емес. Хабибке қалыптастырған дәстүр үшін алғыс айтамыз.
Желіде тараған видео Нұр-Сұлтанда қаласында өткен турнирде түсірілген.
Алдын ала ақпарат бойынша, елордалық команданың жаттықтырушысы басқа команданың бапкеріне пышақ ала жүгірген. Осыдан кейін жанкүйерлердің арасында жаппай төбелес орын алған көрінеді. Қазіргі уақытта ақпараттың анық-қанығы тексерілуде. Біз ресми түсініктеме күтеміз", - делінген хабарламада.

Осы оқиға байланысты Қазақстан біріккен ММА аралас жекпе-жек федерациясының операциялық директоры Илья Кириченко Vesti.kz басылымына пікір білдірді.

"Иә, жарысқа қатысқан адамдар арасында жанжал орын алды, бірақ пышақ жарақатын ешкім алған жоқ. Бұл факт ойдан шығарылған, турнирде суық қаруды қолданған жағдай болған емес, - деді ол.

Еске сала кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов жақында оңтүстік астанаға келіп, "Алматы Аренада" Gorilla Fighting Championship 23 турнирінің құрметті қонағы болды.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол Қазақстанды екінші отанына теңеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Хабибке рақмет": Қазақстандағы ММА турнирі жанкүйерлердің төбелесімен аяқталды
Mailfire view pixel