Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалаңаш үй тазалаушы өз жұмысының ерекшелігі туралы айтып берді

Опубликовано:

Жалаңаш үй тазалаушыны үйге шақыруға мүмкіндік беретін британдық Naturist Cleaners компаниясының қызметкері мамандығының қыр-сырымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Жалаңаш үй тазалаушы жұмысының ерекшелігін атап өтті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

24 жастағы Анна алты ай бұрын Naturist Cleaners компаниясына жұмысқа тұрған.

Бұған дейін ол қарапайым кеңселік қызметте жұмыс істеген және ол ешқашан өзгелердің көзінше шешініп көрмепті.

"Нудизм - мен үшін жаңа дүние. Мен онымен бұрын соңды айналысып көрмегенмін. Ешқашан нудисттік жағажайларда жүрмегенмін", - дейді ол.

Аннаның сөзінше, оның барлық клиенттері жалғызбасты ер адамдар екен. Олардың ең үлкені 50 жаста болған. Ал кейбір ер адамдар, тіпті, 30 жасқа да толмапты.

Әдетте олар жалаңаш әйелмен өмір жайлы сөйлесіп, әңгіме айтады екен.

Айтуынша, ерлер Аннадан қызметінен тыс дүниелер жасауын сұрамапты. Ол нудист клиенттерінің бірін еске алды. Ол әйелдің үй тазалап жатқанын жалаңаш бақылапты.

Naturist Cleaners компаниясында жалаңаш үй тазалаушының жұмысы сағатына 45 фунт стерлинг (22 мың теңгеге жуық) және қосымша брондау үшін 20 фунт стерлингті (10 мың теңгеге жуық) құрайды.

Естеріңізге салайық, бетін сүлгімен сүрткен үй тазалаушы әйел бір көзінен айырылып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839470-zalaas-j-tazalausy-z-zmysyny-erekseligi-turaly-ajtyp-berdi/

pixel