Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Поклонник көп": Керімбекова жеке өмірі туралы бар шындықты айтты (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарып, бүгінде өзіне көз салып жүргендер баршылық екенін жайып салды. Үш мәрте тұрмыста болған өнер иесі тағы да қалыңдық атануға қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Уақыт көрсетеді"бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ақбота Керімбекова өзінің қыр соңынан қалмай жүрген ер азаматтар жайлы айтып, көпшілікті қандай қасиетінің арқасында баурап алатынын жеткізді.

"Сындырайын, сынып қалсын деген ой жоқ менде. Қандай бар солай қабылдағанды ұнатамын. Құдай берген болмысым осы, мінезім өзі. Поклонник көп, соған қарағанда бар шығар бірдеңем сындыртатындай" , - деді өнер иесі.

Оған қоса, шоу-бизнес жұлдызы төртінші мәрте тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын білдірді.

"Төртінші рет шықсам да ол менің жеке өмірім. Күллі Қазақстанда мен ғана сияқтымын осы үш рет тұрмыста болған" , - деп қысқа қайырды әнші.

Эстрада өкілі қазіргі таңда жалғыз емес екенін жасырмай айтты. Соған қарағанда Керімбекованың жүрегі бос емес көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова кімді әнші ретінде мойындамайтынын айтқан болатын. Оның тізіміне Сиви Махмуди, Асхат Тарғын мен Абай Бегей кірген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839472-poklonnik-kp-kerimbekova-zeke-miri-turaly-bar-syndykty-ajtty-video/

pixel