Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Динара Бақтыбаева болашақ күйеуін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актриса Динара Бақтыбаева желіде белгісіз ер азаматпен түскен суретін жариялап, жас жігіттің өзінің болашақ күйеуі екенін айтты. Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын бойжеткен алғаш рет сүйіктісін көпшілікке көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dika_strai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dika_strai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Динара Бақтыбаева ғашығын барша оқырмандарына оның туған күнінде көрсетуді жөн көрген.

Актриса Instagram парақшасында сүйіктісімен түскен арнайы фотосессиясын жариялап, оған деген сезімі мен ақ тілегін білдірген.

Қызығы, өнер иесі қасындағы жігітті болашақ күйеуі екенін айтты.

Желідегілер Бақтыбаеваның жүрекжарды жазбасына сүйене отырып, жігіттің отандық киножұлдызға ұсыныс жасап үлгерген деп болжады.

"Бүгін аса ерекше күн. Бүгін қасымдағы сері жігіттің, менің болашақ жолдасымның туған күні. Менің күйеуім деп атаған сондай қызық. Әлі үйренісе алмай жатырмын. Сені туған күніңмен, жаңа жасыңмен құттықтаймын, махаббатым.
Өмірің қызық оқиғаларға толы болсын. Бастысы денің сау болсын. Қасыңнан әрдайым адал достарың табыла білсін. Шабытың таусылмасын. Осыдан тоғыз жыл бұрын сені дәл бүгінгі мәртебеде құттықтайтынымды кім білген. Бастысы бақытты бол, алда бізді көп қызық күтіп тұр" , - деп жазды актриса.

Айта кетейік, бұған дейін актер Жандос Айбасовтың шаңырақ көтергенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839483-aktrisa-dinara-baktybaeva-bolasak-kjeuin-krsetti-foto/

pixel