RU

Bek Air қызметкерлерінің жақындары далада қалудан қорқады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Bek Air жұмысшылары бір айдан астам уақыт жалақысыз өмір сүруде. Ал олардың көпшілігінде төленбеген кредит пен қарыздар бар. Қиын жағдайға байланысты әуе компания қызметкерлерінің жақындары мемлекет басшысынан көмек сұрау туралы шешімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

Bek Air компаниясы бортсеріктерінің бірі жалақысыз жұмыс жасауға мәжбүр.

Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған уақытта ол ауысымда болғанымен, оқиға орнына келіп, әуе кемесінің сынықтары арасынан бірнеше адамның шығуына жәрдемдескен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына әуекомпания қызметкерінің жары Шахноз Сахова айтып берді.

Әйел адам үш баласымен далада қалудан қорқатынын, ай сайын төлеп отырған ипотекалық қарызы бар екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта оның жары жалақы алмай жүр.

Шахноздың сөзіне қарағанда, бұндай мәселеге күйеуі ғана емес, сонымен бірге әуекомпаниясының басқа қызметкерлеріде тап болған.

Алайда олардың ешқайсысы жұмыстан кету туралы өтініш жаза алмайды. Себебі қызметкерлердің барлық сертификаттары мен дипломдары әуекомпанияның кеңсесінде жатыр.

Әйел адам бортсеріктердің "такси болып" ақша тауып жүргенін де жасырмады.

Оның сөзінше, компания жұмысшыларды бұрынғы лауазымдарына қашан қайтаратыны туралы ештеңе айтпаған.

Бір білетіні, тергеу аяқталған соң барлық мәселе шешіледі.

Шахноз бұл процесс ұзақ уақытқа созылады деп қорқатынын білдірді.

Сол себепті әуе компания қызметкерлерін асықтыру үшін мемлекет басшысынан көмек сұрауды жөн көрген.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырап, бірінші ұшқыш Марат Мұратбаев оқиға орнында көз жұмған болатын.

Ал екінші ұшқыш пен зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілген болатын.

Алайда 28 қаңтар апат болған Fokker-100 ұшағының екінші ұшқышы Мейіржан Молдақұловтың қайтыс болғаны хабарланды.

Марқұмның жаназасына әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов та келген. Алайда ол журналистердің сауалына жауап беруден бас тартып, тұра қашқан.

Ал кеше Bek Air әуе компаниясын Нұр-Сұлтанда сотқа бергенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Bek Air қызметкерлерінің жақындары далада қалудан қорқады
Mailfire view pixel