Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең сымбатты ер адам ерекше тәсілмен анықталды

Опубликовано:

Британиялық актер, "Сумерки" фильмдер сериясындағы вампир Эдвард Каллен және "Гарри Потер мен От кубогы" картинасындағы Седрик Диггори рөлімен танымал Роберт Паттинсон "алтын қима" атты ежелгі грек принципіне сәйкес, әлемдегі ең сымбатты ер азамат болып танылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роберт Паттинсон. Фото: Cavendish Press
Роберт Паттинсон. Фото: Cavendish Press: UGC

Әйгілі голливудтық серілер ежелгі гректер ойлап тапқан, адам бет-әлпетінің тепе-теңдігін зерттейтін "алтын қима" атты математикалық формула тексерісінен өтті.

Тексеріс нәтижесіне сәйкес, математикалық тұрғыда әлемдегі ең сымбатты ер азамат ағылшын актері Роберт Паттинсон болды.

Алгоритм оның "алтын қимаға", яғни, мінсіз бет-бейнеге 92,15 пайыз сәйкес келетінін анықтады деп жазады The Sun жаңалық басылымы.
Генри Кавилл. Фото: Cavendish Press
Генри Кавилл. Фото: Cavendish Press: UGC

Математикалық тұрғыда тартымды жұлдыздар қатарында Тесей мен супермен екінші орынға тұрақтады. Бұл екеуінің рөлін сомдаған ағылшын серісі - Генри Кавилл.

Соңғы уақытта актердің танымалдылығы артып, абыройы бекіп келеді. Ал "алтын қима" бойынша бет-әлпеті мінсіз мүсінге 91,64 пайыз сәйкес екен.

Брэдли Купер. Фото: Cavendish Press
Брэдли Купер. Фото: Cavendish Press: UGC

Жүйе есептеуінше, үшінші орын әнші, әртіс, режиссер және продюсер, "Оскар" жүлдесінің номинанты Брэдли Куперге бұйырды. Оның дидары мүнсіз бет-әлпетке 91,8 пайыз сәйкес.

Ежелгі формулаға сәйкестілікті анықтайтын бағдарламаны әйгілі лондондық пластикалық хирург Джулиан Де Сильва даярлап, қолданып келеді.
Брэд Питт. Фото: Cavendish Press
Брэд Питт. Фото: Cavendish Press: UGC

Рейтингінің төртінші орнына көптеген рөлмен танымал голливудтық актер, Анджелина Джолидің экс-жұбайы Брэд Питт жайғасты. Оның нәтижесі 90, 51 пайызды құрайды.

Дэвид Бекхэм. Фото: Cavendish Press
Дэвид Бекхэм. Фото: Cavendish Press: UGC

Ал бесінші орында жұлдызды футболшы, актер Дэвид Бекхэм. Танымал футболшылардың бірі бағдарлама бағалауына сәйкес, 88, 96 пайызға мінсіз.

Айта кетейік, күні кеше ажырасып кеткен Ирина Шейк пен Брэдли Купер Лондонда кездесті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839499-lemdegi-e-symbatty-er-adam-erekse-tsilmen-anyktaldy/

pixel