Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас келіншек әпкесі мен құрбысының күйеуі жүретінін желіде жайып салды

Опубликовано:

Бөле әпкесінің құрбысының күйеуімен жүретінін біліп қойған келіншек желіде жан сырын ақтарды. Айтуынша, ол құрбысына жұбайының опасыздығы жайлы айтуды ойға алыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жарты жыл кездесті": Әпкесі құрбысының күйеуімен жүретін келіншек мұңын шақты
Көрнекі фото: godupdates.com: UGC

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы astana__forum парақшасында жазыпты.

Автор бөле әпкесінің құрбысының күйеуімен жарты жүр жүріп келгенін білген. Алайда бұл туралы оған айтуға бата алмай жүрген келіншек желідегілерден ақыл сұрады.

"Бөле әпкем бар, жасы 34-те. Ажырасқан, бір қызы бар. Сол әпкем біраз уақыттан бері жүріп жүрген жігітімен мені таныстырғысы келген. Бір күні оның үйіне барғанымда, ол мені жігітімен таныстырды. Көлікке отырсам, жақын құрбыларымның біреуінің күйеуі отыр. Оны көріп, сасқалақтап қалдым. Өзі отбасы үшін өмір сүріп, солардың қамын ғана жейтін адамға ұқсайды. Отбасыларымызбен қыдырып, көңіл көтеретінбіз.
Шынымды айтсам, қатты таңырқап қалдым. Үндемедім. Ол болса бізді керек жерімізге апарып тастап, үнсіз жұмыстары барын айтып, кетіп қалды. Енді не істерімді білмей қалдым. Достарымызбен кездескенде өзімді қалай ұстауым керек? Бұл туралы құрбыма айтсам, отбасыларын бұзамын. Әлде үнсіз қала берейін бе?", - деп ағынан жарылды ол.

Еске сала кетсек, күні кеше тұрмыстағы келіншек төсек қатынасына түсуге ерінетін күйеуіне шағымданған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839500-zas-kelinsek-pkesi-men-krbysyny-kjeui-zretinin-zelide-zajyp-saldy/

pixel