Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Инстаграмда түрлі лотерея ойнататын жұлдыздар жауапқа тартыла ма

Опубликовано:

Елімізде лотерея операторымен келісімге келмей, өз бетімен лотерея өткізетін жандар мен мекемелер жауапқа тартылуы ықтимал. Мәжіліс лотереялар және лотерея қызметі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

"Заң жобасы аясында лотерея өткізу үшін белгілі бір мөлшерде ақша жинаған адам лоторея операторы немесе лоторея таратушысы болып саналады.
Бірыңғай лоторея операторынан лицензия алмай, осындай ұтыс ойынын өткізіп, пайда тапса, заң бұзған болып есептеледі. Шын мәнісінде, бұл өте маңызды мәселе. Бұған дейін әкімшілік және басқа да жауапкершілік көзделмеген болатын", - деді ол.
Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Райымқұлованың сөзінше, енді заңсыз лотерея өткізгендерге жауапкершілік қарастырылуда. 

"Бірінші рет заң бұзса, ескерту жасалады. Егер бір жыл ішінде екінші рет қайталаса, оған әкімшілік айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін 200 АЕК (ред. - айта кетейік, бір АЕК – 2651 теңгені құрайды), шағын бизнес субьектілері мен коммерциялық емес бірлестіктер үшін 700 АЕК, орта бизнес үшін – 1000 АЕК, ірі бизнес үшін – 2000 АЕК. Міне, осындай жауапкершілік жүктегелі отырмыз", - деді министр.

Ол әлеуметтік желі арқылы заңсыз лотерея өткізген әртістер мен блогерлер де жазасыз қалмайтынын жеткізді.

Райымқұлованың пікірінше, лотерея өткізу үшін міндетті түрде лотерея операторымен келісімшартқа отырып, "лотерея таратушы" болу керек.

"Мониторинг арқылы тексереміз. Депутаттардың ұсынысымен бұл заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылуы ықтимал", - деді министр.

Осы тұста Райымқұлова лотереяны ұтыспен шатастырмауға кеңес берді.

Заң бойынша елімізде 18 жасқа толмаған азаматтарға лотерея қызметімен айналысуға және қатысуға тыйым салынатынын ескертті.

Еске сала кетсек, осыған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың екі бөлмелі пәтерін ұтысқа тіккенін хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, әлеуметтік желі арқылы көлік, қымбат ұялы телефондар және басқа да бағалы сыйлықтар ұтысқа тігетін өнер иелері қазіргі қазақ қоғамында көбейіп кетті.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839512-instagramda-trli-loterea-ojnatatyn-nsilerdi-bri-zauapka-tartyla-ma/

pixel