Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавируспен күреске 3 миллиардтан астам теңге бөлінді

Опубликовано:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары және қаржы министрі Әлихан Смайылов коронавируспен күресу үшін Қазақстан үкіметі қанша ақша бөлгенін және бұл қаржының жұмсалуын кім қадағалайтынын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Indo-Tibetan Border Police (ITBP)/Handout/Anadolu Agency via Getty Images
Фото: Indo-Tibetan Border Police (ITBP)/Handout/Anadolu Agency via Getty Images: Depositphotos

Смайыловтың айтуынша, қаржы үкіметтік резервтен бөлінді.

Ол коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмекті, масканы, тепловизорлар мен басқа да жабдықтарды алу шаралары қамтылатынын білдірді.

Одан бөлек, қаржы министрі бұл бағытта қанша қаржы ескерілгенін тілге тиек етті. Смайылов шамамен 3,5 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.

Оның мәліметінше, осы бағыттағы жұмыстарды Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған дерттен соңғы деректерге сәйкес, 492 адам көз жұмған.

Желіде коронавирус туралы екі жүзге жуық жалған мәлімет жүр.

Осы орайда Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды Қытайдағы жаңа вирус жайында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839513-kazakstanda-koronaviruspen-kreske-3-milliardtan-astam-tege-blindi/

pixel