Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың билерін қорлады": Кенталдың жаңа клипін жұрт аяусыз сынап тастады (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Кентал қалың көпшілікке "Жаным-ай" атты әніне түсірілген су жаңа бейнебаянын ұсынды. Алайда аталмыш видеожұмыс халықтың көңілінен шықпаған. Желі қолданушыларының көбісі әншінің туындысын сынға алып, оның елге берер ешбір тәрбиелік мәні жоқ екенін жарыса жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кентал желіде қызу талқыға түскен клипін Youtube желісінде жариялаған.

Әншінің бейнебаянында бұрынғы дәуір өкілдері мен заманауи роботтарға дейін бар.

Клиптің желісі бойынша, Кентал ханшайымды құтқарар жолда түрлі кедергілерге тап болады. Ол қазақ батырының образында түрлі фильм кейіпкерлерімен қатарынан төбелесіп жүреді.

Желідегілер әншінің бұл клиппен халыққа не айтқысы келгенін біле алмай әлек болды.

Көпшілік клиптегі оқиғалардың ұйқаспайтынын жеткізіп, оның өскелең ұрпаққа берер ештеңесі жоқ екенін басып айтты.

"Қазақтың батырлары мен биін қорлаған ғой", "Осы да клип па? Түсінсем бұйырмасын" , "Мұндай ессіздікті көрмеппін, қалғаны осы еді" , "Бамбл би дегені несі? Билерімізді қорлап бітті ғой" , "Ессіз бейнебаян, түк мағынасы жоқ" , "Тәрбиелік мәнін көріп тұрғаным жоқ", Қалай назар аудартуды білмей бара жатырсыңдар" , - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін аяғын көкке көтерген Гүлназ Жоланова да желіде қызу талқыланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839515-kazakty-bilerin-korlady-kentaldy-zaa-klipin-zrt-aausyz-synap-tastady-video/

pixel