RU
БҚО-да Қорғаныс министрлігінің полковнигі ұсталды (видео)

БҚО-да Қорғаныс министрлігінің полковнигі ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік кезекті жемқорлық ісіне қатысты тергеу жұмысы жайлы мәлімдеді. Пара алды деген күдікке "полковник" дәрежесі бар Батыс Қазақстан облысы қорғаныс ведомствосының басшысы ілінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Жедел түсірілмнен кадрлар

Фото: Жедел түсірілмнен кадрлар

Жемқорлықпен күрескерлер ұстау операциясын агенттіктің облыстық департаменті қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігі өкілдері бірлесе жүргізгенін хабарлады.

Ведомство басшысы заңсыз сыйақы сұрады деген күдікке ілініп отыр. Полковник аса ірі параны қарамағындағы қызметкерден алған. Ал қайтарым ретінде оны жұмыста көтермелеп, жан-жақты көмек көрсетуге уәде берген.

Қазіргі уақытта нақты сома айтылған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жоғары лаузамды шенеуніктің қолға түскенін мәлімдеді. Ол Оралдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомство ақпарынша, полковниктің қаншалықты кінәлі екенін анықтау мәселесі сот құзіретінде.

Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігі бөлімдері бірінің басшысы жүйелі түрде заң бұзды деп күдіктенуде. Ол қарамағындағылардың мансабында өсуі үшін үнемі пара алып отырған болуы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel