Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрдайым жүректесің": Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртасқа әсерлі жазба арнады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі өнердегі жұлдызды досы Қайрат Нұртасқа желіде жантебірентерлік жазба арнап, елді сүйсінтті. Көпшілік алдында өзінің жылы лебізін білдірген шоу-бизнес өкіліне жұрт тәнті болып, қос әншінің өзара татулығы мен достығына риза болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/toregalitoreali/kair_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/toregalitoreali/kair_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Төреғали Төреәлі Instagram желісіндегі парақшасында Қайрат Нұртаспен бассейнде түскен суретін жариялап, оның астына аса ерекше жазба қалдырған.

"Тілектесім! Әрдайым жүректесің! Арадан қыл өтпесін" , - деп жазған ол.

Желі қолданушылары қос хитменнің достығына тәнті болып, оларға қатысты пікірлерін ортаға салған.

"Соңғы кезде бірге түскен суреттеріңіз көбейіп кетті" , "Жақсы араласа бастағандарыңызға ризамын" , "Өнерде мұндай дос табу өте сирек болатын жағдай, сіздер үшін қуаныштымын" , "Төреғали Қайрат ағасы туралы өте әсерлі жазыпсыз" , "Қазақтың қайсар жігіттері" , "Сіздердің татулықтарыңызға қызыға қараймын, көз тимесін" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі фильмде өзінің сүйіктісін сомдап, шынайы өмірде "ТТТ" деген жігітке тұрмысқа шыққан актриса Мадина Оспанова туралы айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839527-rdajym-zrektesi-tregali-treli-kajrat-nrtaska-serli-zazba-arnady/

pixel