Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Польшада көлік қағып кеткен ер адамға көз жанары қайта оралды

Опубликовано:

Польшаның Гожув-Велькопольски қаласында бір көзі көрмейтін жан көлік қағып кеткеннен кейін толықтай көре бастаған. Ол ауруханада ем алып жатқан кезде жанарының оралғанын сезіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Көліктің астына түскен ер адамның көз жанары оралды
Көрнекі фото: twitter.com/vechorel: UGC

Януш Горай бала күнінде аллергиясы қозғаннан кейін көз жанарынан айырылған еді. Оның сол жақ көзі мүлде көрмей қалған. Ал оң көзімен ішінара көретін болған.

2018 жылы Януш жолдан өтіп бара жатқан кезде, оны көлік қағып кетеді. Жарақат алған азамат бірден ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай ер адамға ота жасалды.

Аурухананың баспасөз хатшысы жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берген кезде медицина қызметкерлері ер адамның жағдайы ауыр болғандықтан оның бір көзі толық көрмейтініне назар аудармағанын айтты.

Ал науқастың денсаулығы жақсара бергенде оған көз жанары да қайта келгені анықталды.

Белгілі болғандай, Януш Горай екі аптадан кейін көре бастапты. Бұл пациенттің емханада қабылдаған дәрілерінің өзара әрекетінен болуы мүмкін.

Ер адам зерттеу жұмыстарына қатысудан бас тартқандықтан, дәрігерлер сол күйі көз жанарының қалыпқа келуіне не түрткі болғанын біле алмай отыр.

Қазіргі таңда Януш Горай өзіне ота жасалған ауруханаға күзетші болып жұмысқа тұрған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үндістандық қарттың бірнеше жыл бойы көзіндегі тірі құртпен жүргенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839530-polsada-klik-kagyp-ketken-er-adamga-kz-zanary-kajta-oraldy/

pixel