RU
Атырауда подъезде қызға шабуылдаған қаскөйлер камераға түсіп қалды (видео)

Атырауда подъезде бойжеткенге шабуылдаған қаскөйлер камераға түсіп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Атырауда Нұрсая шағын ауданындағы үйлердің бірінің подъездінде қызға шабуыл жасалды. Оқиға тұрғындар орнатқан жасырын камераға түсіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырауда подъезде қызға шабуылдаған қаскөйлер камераға түсіп қалды (видео)

Видеодан кадр

Жасырын камераға түскен кадрларда бойжеткеннің подъездге кіріп, баспалдақпен көтеріле бастағанын байқауға болады.

Оның артынан ер адам ілескен. Жәбірленуші пәтерінің есігіне жеткен кезде жоғарғы қабаттан екінші қаскөй түскен. Қала тұрғыны есігін ашқан бетте екі жігіт үйге кіруге тырысқан.

Осы кезде пәтерден жәбірленушінің туысы жүгіріп шығып, екі азамат қашпақ болады. Алайда пәтер иесі қаскөйлердің бірін ұстап қалып, екеуі төбелескен. Біраз алысқаннан кейін ұры амалын тауып қашып кеткен.

Аталмыш фактіге қатысты жергілікті полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, екі күдікті де ұсталған. Олар жергілікті тұрғындар болып шыққан. Біреуі 32 жаста, екіншісі биыл 28 жасқа толады.

Сондай-ақ полиция тергеудің "Тонау" бабы бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ер азаматттардың бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғандары белгілі болды. Істің басқа мән-жайы анықталу үстінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Теміртау әкімдігі маңында бойжеткенге шабуыл жасаған қарақшының іс-әрекеті видеоға түсіп қалған еді. Бейтаныс адам күтпеген жерден қыздың бетінен ұрып, әмиянын алып кетуге тырысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel