Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алимент төлеп тұрамын": Отандық депутат бұрынғы әйелі Әлия Жүсіпова туралы айтты

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев өзінің бұрынғы әйелі, танымал спортшы Әлия Жүсіпова туралы бар шындықты айтып берді. Саясаткер ажырасарда бар дүние-мүлкін бала-шағасы мен келіншегіне тастап кеткенін жеткізіп, бірінші некесі жөнінде жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ «Saіasat.not YouTube» бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бүгінде көпбалалы, жалғызбасты аналардың әлеуметтік мәселелерімен айналысып жүрген депутат өзінің некесін не себепті сақтап қала алмағанын айтты.

Балаларына баспана алып берген Елтаев, Жүсіповамен ажырасарда бар мүлкін соларға қалдырып, өзі елордаға бар болғаны бір чемоданмен көшіп барған.

Бүгінгі күні мәжілісмен алименттерін уақытылы төлеп жүргенін алға тартты. Оның сөзінше, бұл төлемдерді іске асыру үшін ол жалақысының 40%-ын жарататын болып шықты.

"Әлия екеуміз кезінде жақсы тұрмыс құрдық деп ойлаймын. Ол – өте керемет адам. Біріншіден, біздің еліміздің мақтан тұтарлық азаматшасы, қазақтың қызы. Оған сондай құрметпен қараймын. Тек қана менің әйелім болды деген көзқараспен емес, елімізді дүниежүзіне паш еткен азаматша ретінде де сыйлаймын.Өмір болғаннан кейін жан-жақты мәселелер туындап жатады. Түрлі жағдайлар болып жатады. Біреулер ажырасып жатса, енді біреулер қосылып жатады.
Бізде де сондай проблема болып қалды. Біраз жыл өтті. Бірақ, мен оған өкінбеймін. Себебі, бір ұл, бір қызымыз бар. Үлкені үшінші сыныпқа, кішкентайы бірінші сыныпқа барды. Өмір болғаннан кейін бәрі болады. Әлияға әлі де құрметпен қараймын. Оның сұхбатта айтқанын кішкене түсінбедім. Себебі, Әлия мен балаларға бар жағдайды жасап кеткен болатынмын.

Біріншіден, Шымкент қаласынан үлкен үй сатып алғанмын. Сол үйді баламның атына жазып, Әлия мен бала-шағама тастап кеттім. Ол үйдің кредитін мен әлі төлеп келе жатырмын. Ол кішкентай сомма емес. Жалақымның жартысы соны жабуға кетеді. Осы Шымкент қаласындағы мүлкім, көліктер мен пәтердің барлығы Әлияға қалды" , - деді ол.

Мәжілісмен бүгінде екінші мәрте үйленіп алғанын растады. Елтаев бұл отбасында да балалары бар екенін жасырмады.

"Ер адам ажырасарда дүние-мүлкінің бәрін бала шағасына, әйеліне қалдырып, бір чемоданмен ғана кетуі керек. Мен сол бір чемоданмен Нұр-Сұлтан қаласына кеттім. Нұр-Сұлтан қаласында пәтер жалдап тұрдым. Қазір отбасым бар. Мемлекет берген пәтерде тұрып жатырмыз.
Екіншіден, алименттерін төлеп тұрамын. Екі балаға менің жалақымның 40%-ы кетеді. Әйелдер эмоционалды келеді. Мен балалармен көрісіп тұрамын. Шымкент қаласына келсем, балаларыммен серуен құрамын. Әлиямен отбасын құрғаныма өкінбеймін», - деді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін ажырпасып кеткен Ирина Шейк пен Брэдли Купердің Лондон қаласында бір шарада кездесіп қалғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839538-aliment-tlep-tramyn-otandyk-deputat-bryngy-jeli-lia-zsipova-turaly-ajtty/

pixel