Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғаламат ғасыр" телехикаясының жұлдызы 16 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Түріктің танымал актері Аднан Коч 16 жыл, 8 айға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

"Ғаламат ғасыр" телехикаясының жұлдызы 16 жыл, 8 айға түрмеге қамалды
Аднан Коч. Фото: instagram.com/adnankocс / oborzhaka.space: Facebook

"Ғаламат ғасыр" телехикаясының жұлдызы бірнеше қылмыс бойынша кінәлі деп танылған. Олардың ішінде полицияға қарсылық көрсету, кепілдікке адам алу, денсаулықа қасақана зиян келтіру және қаруды заңсыз сақтау сияқты қылмыстар бар.

Актер мен тағы бес күдікті 2018 жылдың наурызында есірткіге қарсы операция барысында қолға түскен. Олардың қарсылық көрсетіп, артынша полиция қызметкерлерін кепілге алғаны, сондай-ақ алты тәртіп сақшысын жаралағаны хабарланған.

Одан бөлек, Аднан Коч тыйым салынған заттарды қолданғанын дәлелдейтін айғақтардың көзін жоюға тырысқан.

Аднан Коч "Ғаламат ғасыр" телехикаясындағы Бехрам пашаның рөлімен асқан танымалдыққа ие болды. 38 жастағы әртіс "Шығыс-Батыс", "Тарих елі", "Сиджин 3", "Сиджин 4" және "Сиджин 6" сынды туындыларда ойнаған.

Еске сала кетсек, екі жыл бұрын Аднан Кочтың есірткімен ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Сол кезде-ақ танымал актердің 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839539-galamat-gasyr-telehikaasyny-zldyzy-16-zyl-8-ajga-trmege-kamaldy/

pixel