RU
Уханьдық дәрігер коронавирус жайлы 2019 жылы ескерткен

Уханьдық дәрігер коронавирус жайлы 2019 жылы ескерткен

Рассказать Вконтакте

Жаңа коронавирус тараған Уханьн қаласының дәрігері 2019 жылдың желтоқсан айында әріптестерін вирус жайлы хабардар етуге тырысыпты. Алайда полиция оған ақпаратты елге жария етуге тыйым салып, үнсіз қалуға мәжбүр еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

дәрігер айтпақшы болған

Фото: edition.cnn сюжетінен кадр

30 желтоқсан күні Ли Вэньян медициналық мектепте бірге оқыған сыныптастарына хат жолдаған. Ол жерде дәрігер ауруханасына жергілікті балық базарына барып, вирус жұқтырған жеті науқастың келіп түскенін хабарлапты.

Оның ойынша, бұл вирус 2002-2003 жылы болған эпидемияға әкеп соқтырған ауыр жіті респираторлық синдромға ұқсас болған.

Ли Вэньян әріптестеріне аурудан қорғану үшін қорғаныш киімдерін киіп жүруге кеңес беріпті. Желіде дәрігер жазған хабарламалардың скриншоты да пайда болған.

Сол күні Уханьның денсаулық сақтау мәселелері бойынша муниципалды кеңесі жергілікті медициналық мекемелерге базарға келушілерден беймәлім түрдегі пневмонияның анықталғаны туралы хабарлама жіберді.

Кеңес бұл ақпаратты билік орындарының келісімінсіз жария етуге тыйым салды.

Жергілікті билік дәрігердің вирусты жұқтыру жағдайлары туралы қалай білгенін сұрау үшін 31 желтоқсан күні өзіне шақырды.

Содан кейін Вэньянға полиция келіп, қауесет таратып, құқық тәртібін бұзғаны үшін ескерту жасады. Ол, тіпті, сол үшін қамауға алынуы мүмкін еді.

Дәрігер өзінің құқықтық тәртіпті бұзғанын "мойындап", жұмысына қайта кіріскен.

Вэньян әлі кеңінен таралып үлгермеген коронавирусты жұқтырған адамды емдеп жүріпті. Алайда 10 қаңтар күні өзі жөтеліп, жайсыздықты сезіне бастапты. Сөйтіп, Вэньян екі күннен кейін ауруханаға жатқызылды.

Коронавирустың алғашқы тестілері теріс нәтиже көрсетіп, оның виурсты жұқтырғаны тек 1 ақпан күні расталды.

28 қаңтар күні Қытайдың Жоғарғы соты "қауесет таратушыны" жазаламақ болғаны үшін полияны сынға алды.

"Қоғам осы "қауесетке" құлақ асқанда коронавирустың жаңа түрінің алдын алуға болар еді. Адамдар дер кезінде маска тағып, жабайы табиғат базарына бармас еді", - деп пікір білдірді Жоғарғы сот.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы коронавирустан көз жұмғандардың саны 492 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel