Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сегіз қазақстандық азамат Уханьнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланды

Опубликовано:

Коронавирустың жаңа түрі тараған Қытайдың Ухань қаласынан ресейлік және өзбекстандық туристер мен студенттер эвакуацияланды. Ресей мен Өзбекстан өз азаматтары үшін арнайы борт жіберген. Көршілес халықтармен бірге біздің 8 қазақстандық азамат та вирус тараған аймақтан оралған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қытайаа
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Эвакуацияланған отандастарымыз енді көрші елдердің аумағында карантиннен өтуі керек.

Сонымен екі апта бойы бес қазақстандық азамат Ташкент аумағында, тағы үш қазақстандық Тюменьдегі дәрігерлердің бақылауында болмақ.

Қытайдан оралғандардың арасында бұған дейін дене қызуы жоғары болғаны үшін Уханьнан шыға алмаған қазақстандық студент те бар. Ол Яньцзы университетінің бірінші курс студенті.

Эвакуацияға арналған ұшақтың бортына көтерілмес бұрын Қазақстан азаматтары медициналық бақылаудан өткен. Олардың ешбірінен коронавирус белгісі анықталмады.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавируспен күресу үшін Қазақстанның қанша қаражат бөлгені белгілі болды. Еліміздің Қаржы министрінің айтуынша, шамамен 3,5 млрд теңге бөлінген.

Айта кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, қауіпті коронавирустан қайтыс болғандар саны 492 адамға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839553-segiz-kazakstandyk-azamat-uhannan-resej-men-zbekstanga-evakuacialandy/

pixel