Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Қытайдағы азаматтарын қайтару үшін қосымша рейстер жібермек

Опубликовано:

Қазіргі таңда аспан асты елінде жүрген еліміздің дипломаттары отанына оралауы керек қазақстандықтар үшін қосымша рейстер ұйымдастыру мәселелерін қарастыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Қытайдағы азаматтарды қайтару үшін қосымша рейстер жібермек
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қытайдағы Қазақстан елшілігінде хабарланғандай, бүгінгі таңда Шанхай мен аспан асты елінен отандастарымызды көшіру үшін қосымша рейстерді ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

"Авиарейстің күні, уақыты және басқа да ақпараттар сіздің өтінімдеріңізде көрсетілген контактілерге жіберіледі. WeChat-тағы елшіліктің ресми парақшасында орналасатын ақпарат пен хабарландыруларды бақылаңыз", - дейді Қазақстанның Қытайдағы елшілігі.

Дипломатиялық ведомствода Қазақстан азаматтарын алып келу мемлекет есебінен жүргізілетінін атап өтті.

Айта кету керек, Қытай аумағында жүрген барлық қазақстандықтарға жаңа вирустың алдын алуы бойынша барлық шараларды сақтау керектігі ескертілді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, ҚХР аумағында тараған жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны 492 адамға жеткен.

Сондай-ақ, вирус ошағы Ухань қаласынан ресейлік және өзбекстандық туристер мен қатар қазақстандық азаматтар да эвакуацияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1839559-kazakstan-kytajdagy-azamattaryn-kajtaru-sin-kosymsa-rejster-zibermek/

pixel