Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көлік қозғалысын реттеп, хит болған оқушыға алғыс хат пен сыйлық табысталды

Опубликовано:

Шымкентте жол қозғалысын реттеп, желіде танымал болған жетінші сынып оқушысы бүгін қалалық Полиция департаментінің қабылдауында болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

машина
Фото: polisia.kz: Facebook

Басылымның жазуынша, Шымкент қаласы ПД желіде кеңінен тараған видеоны зерттеп, бейнежазбадағы Сайрам елді-мекеніндегі № 114 мектептің 7-сынып оқушысы Дастан Өміртаев екенін анықтаған.

Осыдан соң Дастанды департаментке шақырып, оған ПД басшысының орынбасары Алмас Әмзеев алғыс хат пен сыйлық табыстаған.

Алмас Әмзеев Дастанға азаматтық ұстанымы және осындай жағдайға бей-жай қарамай көмекке келгені үшін алғыс айтып, болашақта ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырған.

Сондай-ақ Дастан мен оның ата-анасына мұндай әрекеттер жолда авариялық жағдайлар тудырып, оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігін, мұндай жағдайларда "102" нөмеріне хабарласып, полицейлерді шақырған жөн екенін ескерткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде жолдың қақ ортасына тұрып, өздігін көлік қозғалысын реттеген жеткіншектің видеосы лезде тарап кеткенін жазған едік.

Видеоның басты кейіпкері мектеп оқушысы екені анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839566-symkentte-klik-kozgalysyn-rettep-hit-bolgan-okusyga-algys-hat-pen-syjlyk-tabystaldy/

pixel