RU

"Жарқырап жүрші, тек аман": Мұрат Қожаның бірінші әйелі оған жүрекжарды жазба арнады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Мұрат Қожаның алғашқы әйелі Айман Нұразхан бұрынғы жолдасына аса әсерлі жазба арнап, көпшілікті таңғалдырды. Ол жазбасында әнші үшін алаңдайтыны мен оның жарқырап жүргенін қалайтынын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aiman_nurazkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aiman_nurazkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бүгінде шоу-бизнес саласында еңбек етіп жүрген келіншек Instagram парақшасында "Нұрлан мен Мұраттың жас кезіндегі суреттерімен бөліскен. Оған қоса, Айман Нұразхан Мұрат Қожа екеуінің үйлену тойы кезінде жасалған фотоны да ел назарына паш етті.

Әншінің алғашқы келіншегі жүрекжарды жазба жариялап,онда ел күтпеген мәлімдеме жасаған.

"Эх, Экс, сен қандай едің? Кешелі бері сол ой мені мазалауда. Жарқыраған жұлдыз, жаулап алған от едің, жанып тұрған шоқ едің! "Жұлдызды жекпе-жектің" іріктеуі басталған сәттен-ақ, мен "Нұр&Мұрды" ұсынып едім. Қалай болғанда да маған бөтен адам емес қой деп. Сонда жобаның бас продюсері Гүлекең жалт қарап: "сенімдісің ба?" дегенде, "әрине" деп бір жымидым. Көрейік, мүмкіндік берейік, 20 жылдық тарихы бар топ қой.

Кезінде топтардың ішінде нөмір бірі болып, Мәскеудің телеарнасынан шыққан алғашқы әншілер еді. Тв-ны қоссаң да, радионы ашсаң да тек "Нұр&Мұрдың" хиттері шырқалғаны бәрімізге аян. Ол шындық-ақиқат! Гүлеке Сізге тағы да рахмет, жігіттерге шанс беріп олардың қайтадан өнерлеріне бір серпіліс бергендеріңізге! Ал мен сол күні бір түрлі қыз болып жүрдім. Ішім алай-дүлей, кәдіміскүдей тақымымды қысып, уайымдағанымды жасыра алмаймын!

Әйтеуір формадан кетсе де, көзден кетсе де жартылай финалға ілінгеніне не қуанарымды ,не әттегенайымды айта алмадым! Қалай болғанда да әдемі болып, жарқырап жүргендерін қалайды екенмін! Көп нәрсеге көзімді жұмғанннан дәл сол күні жүгіріп жүріп, шұңқырға қалай түсіп кеткенімді де түсінбей қалдым! Жаралы жүрек одан сайын сыздап, өзімді қоярға жер таппай қиналып қалдым.

Бірақ бұл жұмыс болғаннан соң, ішімдегі жан айқайымды көрсетпеуім қажет екенін де білемін! Қой, шо то эмоцияға берілмей тұрғанымда "Нұр&Мұрға" сәттілік тілейін! Алдағы уақытта Хабар арнасынан көріп ,өз бағаларыңды беруге мүмкіндіктеріңіз бар. Біздің өмір әлі алдымызда, қайда болсаң да..., қайда жүрсең де..., жұлдызым болып, жарқырап жүрші, тек аман" , - деп жазған ол. Айта кетейік, бұған дейін Әлия Жүсіпованың бұрынғы күйеуі ол туралы бар шындықты айтқанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жарқырап жүрші, тек аман": Мұрат Қожаның бірінші әйелі оған жүрекжарды жазба арнады
Mailfire view pixel