Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен студент ауруханаға түсті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда 14 қаңтар күні Қытайдан ұшып келген қазақстандық студент ауруханаға жатқызылды. Жас жігіттен жаңа коронавирустың белгілері байқалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

корона
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Atameken Business телеарнасының мәліметінше, жас жігіт елордадағы медициналық университетте оқиды.

Бұған дейін дәл осы оқу орнының білім алушылары өздерін ғимаратқа қамап, сыртқа шығуға рұқсат бермей жатқанын айтып, шағымданған еді.

ЖОО-ның мүддесін қорғайтын Динара Қожахметованың ақпаратынша, қазір аталмыш студент медицина мамандарының бақылауында және тексерістен өтуде.

"3 апта уақыт өтіп, инкубациялық кезең өтсе де, дәрігерлер сақтанып, жұқпалы аурулардың осындай күдіктері болған кезде жасалуы тиіс әрекеттердің толық алгоритмін жүргізді. Бұл студентті басқа студенттерден оқшаулағандықтан, кіру-шығуды жабуға тура келді.
Сондай-ақ осы студент байланысқан студенттердің бәрі тексеруден өтті. Біз бұл - ЖРВИ деп үміттенеміз", - дейді білім мекемесінің өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қытайдың Ухань қаласынан Қазақстанға жеткізілген студенттерден коронавирус анықталмағынын, дегенмен хаттамаға сәйкес, олар 16 ақпанға дейін карантинде болатынын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839586-nr-sltanda-koronavirus-zktyrdy-degen-kdikpen-student-auruhanaga-zatkyzyldy/

pixel