RU
Қытайдан эвакуацияланған қазақстандық студенттерден коронавирус анықталған жоқ

Қытайдан эвакуацияланған қазақстандық студенттерден коронавирус анықталған жоқ

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Ухань қаласынан Қазақстанға жеткізілген студенттерден коронавирус анықталған жоқ. Бұл туралы брифингте денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Уханьнан эвакуацияланған азаматтарымыз жайлы. Барлығы, соның ішінде БАҚ өкілдері де карантин аяқталғанша, 16 ақпанға дейін олармен кездесе алмайтынын еске саламыз. Кеше және алдыңғы күні олар түрлі тесттер тапсырды. Нәтижесінде коронавирустың жоқ екені анықталды", – дейді Ахметшәріп.

Дегенмен, оның айтуынша, клиникалық хаттамаға сәйкес, студенттер әлі де карантинде болады. Эвакуацияланған 83 Қазақстан азаматының 12-сінде жеңіл деңгейде өткір респираторлық вирусты инфекция анықталған.

Сондай-ақ Уханьнан эвакуацияланған Беларусь (5 адам) пен Армения (1 адам) азаматтарының жағдайлары қанағаттанарлық екені белгілі болды.

Ведомствоның ресми өкілі сыртқы істер министрлігінің арқасында Уханьнда қалған қазақстандық студенттердің Тюмень (Ресей) мен Ташкентке (Өзбекстан) эвакуацияланғанын жеткізді.

"Олар 2 апта бойы жергілікті мамандардың бақылауында болады. Олардың жағдайын денсаулық сақтау министрлігі де бақылайды. Бүгін ведомство басшысы Елжан Біртанов ресейлік және өзбекстандық әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Олар аталған мәселе бойынша келісімге келді", – деп атап өтті Ахметшәріп.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, қауіпті коронавирустан қайтыс болғандар саны 492 адамға жеткен.

Қазақстан Қытайдағы азаматтарын қайтару үшін қосымша рейстер жібермек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel