RU

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар өткен жылы көз жұмған бес қыз балаға ас берді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көпбалалы аналар өткен жылы өрттен көз жұмған бес қыз балаға арнап, ас берген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар былтыр қайтыс болған бес қызға арнап ас берді
Фото: azattyq.org / Өркен Жоямерген: Facebook

Асқа жүзге жуық адам жиналған. Олардың арасында әкімдік өкілдері де бар.

Аналардың айтуынша, имам шақырып, құран оқытуға қажетті шығынды өздері көтерген. Әркім жағдайына қарай 500, 1000, 2000 мың теңгеден қосыпты.

"Былтыр үлкен қайғы болды. Оны ұмытуға хақымыз жоқ деп ойлаймын. Сондықтан шыдай алмай, аналар болып жиналып, шын ықыласпен құран бағыштайық деп ниет еттік. Айтуға да ұят шығар, бірақ бұл оқиғадан кейін халық оянып, құқықтарын талап ете бастады, жәрдемақыға, атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Бұл оқиғаны ешқашан ұмытпауымыз керек", - дейді еске алу шарасын ұйымдастырушылардың бірі Айжамал Сареева.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 4 ақпанында астанадағы аудандардың біріндегі времянкалардың бірінен өрт шығып, 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бір үйдің бес қызы мерт болды.

Қайғылы жағдай орын алған кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған.

Бес періште бесінші ақпан күні жер қойнына берілген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839593-nr-sltanda-kpbalaly-analar-tken-zyly-kz-zmgan-bes-kyz-balaga-arnap-as-berdi.html