RU

"Коронавирус жұқтырдым" деп алдаған бойжеткен зорлаушыдан аман қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытай азаматшасы "коронавирус жұқтырдым" деп алдап, үйіне басып кірген зорлаушыдан аман қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik/ Александр Кряжев

Фото: Sputnik/ Александр Кряжев

Оқиға Уханьнан үш сағаттық жерде орналасқан Цзиншань қаласында болған. 25 жастағы арудың үйіне белгісіз біреу басып кіріп, мойнынан қылқындырған.

Бойжеткен қаскөйді алдап соғып, райынан қайтаруға шешім қабылдаған. Ол жақында ғана Уханьнан келгенін, сол жақта қатерлі вирусты жұқтырғанын мәлімдеген. Өз-өзіне карантин жариялап, сол себепті үйде жалғыз қалғанын алға тартыпты.

Осылайша, бойжеткеннің тапқырлығы оң нәтиже берді. Ал қаскөй жәбірленушінің ұялы телефонын және 300 фунт стерлинг ақшасын алып, ізін жасырған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, жас жігіт әкесімен бірге құқық қорғау мекемесіне келіп, қылмыс жасағанын мойындапты. Ол қыздың үйіне басып кіріп, оны тонап кеткенін, басқа да заңбұзушылықтар жасауға ниеттенгенін жеткізген.

Оның сөзінше, қылмысқа баруына отбасымен жанжалдасып қалуы себеп болыпты. Ол түнде ақшасыз қалып, оны қарашылық жолмен табуды шешіпті.

Шабуыл кезінде ер азамат бетпердеде болған. Дегенмен жәбірленуші қыз оны даусынан және дене бітімінен таныпты.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, жаңа коронавирустан көз жұмғандар 492 адамға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Коронавирус жұқтырдым" деп алдаған бойжеткен зорлаушыдан аман қалды
Mailfire view pixel