Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырды деп күдіктелген студенттің сараптамасы белгілі болды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған студенттің жағдайын айтты. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, одан вирус анықталмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

көп бла
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі: Facebook

Басқарманың ақпаратынша, "Астана" медициналық университетінің 5 курс студенті жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

"Пациент қазір ауруханада жатыр, диагнозы - асқынған жедел бронхит. Коронавирус анықталмады", - деді басқарманың баспасөз қызметі.

Науқастың ЖРВИ-мен ауырғаны айтылды. Уақытылы емделмегеннің салдары бронхит түріндегі асқынуға әкелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада 14 қаңар күні Қытайдан ұшып келген студенттің ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Жас жігіттен жаңа коронавирустың белгілері байқалған.

Университеттің ресми өкілі Дианар Қожахметова мәлімдеме жасап, студенттің медицина мамандарының бақылауында екенін және тексерістен өтіп жатқанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қытайдың Ухань қаласынан Қазақстанға жеткізілген студенттерден коронавирус анықталмағынын, дегенмен хаттамаға сәйкес, олар 16 ақпанға дейін карантинде болатынын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839597-koronavirus-zktyrdy-dep-kdiktelgen-studentti-saraptamasy-belgili-boldy/

pixel