RU

"Онша келіспеймін": Бүркіт лотереяға қатысты заңға пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін мәжілісте лотерея туралы заң жобасы мақұлданды. Оған сәйкес, енді арнайы лицензиясыз әлеуметтік желілерде лотерея өткізуге рұқсат берілмейді. Ал бұл талапты орындамағандарға 5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынбақ. Осыған байланысты танымал әнші Бүркіт өзінің пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Лотереядан барлығы бақытты болады: Әнші Бүркіт жаңа заңға қатысты пікір білдірді

Фото: instagram.com/berkut_qazaqstan

Өнер иесі бүгінде өзінің Instagram парақшасы арқылы лотереяның екінші легін ойнатып жатыр.

Бұған дейін ол ән жинақтың электронды нұсқасын 10 мың теңгеге сатып, пәтер, көлік пен жүздеген тұрмыстық заттарды ойнатса, осы жолы тура сондай сыйлықтарды ұтысқа тігіп отыр. Ал лотереяға шектеу қойылса, халық осындай мүмкіндіктен айырылады дейді.

"Меніңше, ол дұрыс емес. Ол заңмен онша келіспеймін. Біз өз лотереямызды ашық өткіземіз. Халыққа барынша жақсылық жасауға тырысып жатырмыз. Осы жолы бес адам автокөлік иесі, Нұр-Сұлтан қаласында бес пәтердің иесі болады. Ол жаман ба? Әрине, жақсы. Қазірдің өзінде үкімет те пәтерді әшейін беріп жатқан жоқ қой. Ал бізде 10 мың теңгені тігеді де, бір пәтерді ұта салады. Бұл лотереядан барлығы бақытты болады", - дейді Бүркіт.

Әншінің айтуынша, бүгінде оның жиені де Алматыда пәтер ала алмай жүр.

"Өзі алғысы келіп отыр. Кішкене ақшасы бар, бірақ жетпей жатыр. Мысалы, ол лотереядан пәтер ұтып алса, қандай жақсы болар еді. Туысқандарының бәрі қуанатын еді. Бірақ біздің лотереямызға қатысып жатыр ма, жоқ па, онысын білмедім. Билет алған шығар. Маған айтқан жоқ", - деді әнші.

Еске сала кетсек, бүгін мәжілісте лотереялар және лотерея қызметі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданғаны хабарланды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Онша келіспеймін": Бүркіт лотереяға қатысты заңға пікір білдірді
Mailfire view pixel