RU

Қытайдан эвакуацияланған азаматтарды Өзбекстан қалай күтіп алды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

4 қаңтар күні кешкісін Ташкент әуежайына Қытайдан эвакуацияланған Өзбекстан азаматтары мінген ұшақ қонды. Uzreport телеарнасы ұшақ қонған сәттен тікелей трансляция көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сentralasia.media-ға сілтеме жасап.

uzbek

Фото: centralasia.media

ҚХР келген азаматтарды ұшу-қону жолағында вирусологтар күтіп алған. Олар келгендерді санитарлық-эпидемиологиялық өңдеуден өткізген.

Өзбекстанның СІМ хабарлауынша, Ухань мен ҚХР-дың басқа да өңірлерінен келген азаматтар инкубациялық кезеңде карантинде болмақ.

14 күннің ішінде оларға отбасы мүшелерімен, туыстарымен және басқа да адамдармен кездесуге тыйым салынған.

Қытайдан келгендердің бәрі Ташкент қаласы мен Ташкент облысының мамандандырылған медициналық мекемелеріне орналастырылған.

Оқшауланған азаматтар жоғары дәрежлі медициналық қызметкерлердің бақылауында болмақ.

Карантиндегілер барлық қажетті дәрілермен, медициналық препараттармен қамтылған.

Айта кетейік, ҚХР эвакуацияланған өзбек азаматтарының арасында бес қазақстандық бар. Олар да екі апта бойы карантинде болмақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайдан эвакуацияланған азаматтарды Өзбекстан қалай күтіп алды (видео)
Mailfire view pixel